Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы «жылдамдық» бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.
Іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.
Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.
Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Әр жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындаламын — әлем чемпионы Ұлболсын Елмұрат
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде сумо аңызы Хакухо Сёмен кездесу өтті