Қазақстандық маман Александр Кеплин Еуропа лигасының матчында делегат болады

Қазақстандық маман Александр Кеплин Еуропа лигасының матчында делегат болады

Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Штутгарт» (Германия) пен «Сельта» (Испания) арасындағы матчқа делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Кеплин Қазақстан футбол федерациясы сыртқы байланыстар және өңірлік қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарады.

Ойын 26 қыркүйек күні сағат 00:00-де Штутгарт қаласындағы MHPArena стадионында өтеді.

Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының сыртқы байланыстар және өңірлік қатынастар департаментінің директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді. 

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

2030 жылғы әлем чемпионатына 64 команда қатысуы мүмкін

Қызылордадағы жаңа стадион әлемдік стандартқа сай деп танылды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Арабия клубына ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или