Астана әкімі Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбайға қомақты сыйақы табыстады

Астана әкімі Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбайға қомақты сыйақы табыстады

Астана қаласының әкімдігі Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медальдар жеңіп алған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы орайда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбайға 30 млн теңгенің сертификатын сыйлады. Ал жеке бапкерлері 10 млн теңге сыйақы алды.

Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар алғаш рет 2023 жылы 19 жасында 48 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Екі жылдан кейін бұл жетістігін Ливерпульде 50 кг салмақта қайталап отыр.

Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазды. Ол әлем чемпионатында аса ауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды.

Нәтижесінде еліміз жалпы есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Астана ылғи да спортты қолдап, талантты спортшыларымыздың дамуына жағдай жасап келеді. Мәселен, қаламызда Боксты дамыту орталығы бар, ал биыл Бекзат Саттарханов атындағы Спорт кешені пайдалануға берілді.

IBA ұйымы ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді

World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады

Бокстан ұлттық құрама капитаны күтпеген мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или