Умар Кремлев бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді

Умар Кремлев бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді

Халықаралық бокс ассоциациясының президенті Умар Кремлев әлем чемпионаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты жайлы ақпарат қашан шығады? Нақты уақыты белгілі ме? Бұған дейін желтоқсан айында БАӘ-де өтеді деген ақпарат болып еді. Қандай елдер келеді? Биыл әлем чемпионатының өтпей қалу ықтималдылығы бар ма?

- Әлем чемпионаты жайлы ақпаратты жақын арада жариялаймыз. Ол міндетті түрде өтеді және оның ауқымы да кең болмақ. Біз спортшылар үшін жақсы жағдайды жасаймыз (ұйымдастыру деңгейі мен сыйақы мөлшері). Осы орайда жүлде қорының өсетінін айтқым келеді, - деді IBA президенті.

Айта кетейік, IBA ұйымының 2023 жылы Ташкентте өткізген ерлер арасындағы әлем чемпионатына 110 мемлекет қатысқан болатын.

Сол сәтте жүлдегерлер (1-орын - 200 мың доллар, 2-орын - 100 мың доллар, 3-орын - 50 мың доллар) ақшалай сыйақы алған.

Биылғы жаһандық додада бұл сыйақы 2 есеге көбеюі әбден мүмкін.

World Boxing ұйымының қатарына тағы бірнеше мемлекет мүше болды

World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады

Бокстан ұлттық құрама капитаны күтпеген мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или