Астанада 28 қыркүйек күні бұқаралық велошеру өтеді

Елордада 28 қыркүйек күні веломаусымның жабылуы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ерекше шара еңбек күні мен жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылмақ.
Велошерудің жалпы бағыты – 25 шақырым. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастау алып, Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Тіркеу велошеру күні – 28 қыркүйек күні таңғы 07:30 бен 09:00 аралығында жүргізіледі. Шараның басталуы – сағат 09:00-де. Қатысу – тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі қажет.
Шара соңында ұйымдастырушылар тіркеуден өткен қатысушылар арасында лотерея өткізіп, бағалы сыйлықтар ойнататынын хабарлады.
«Aстана» Бельгиядағы велобәйгеде бақ сынайды
«Астана» шабандозы Франциядағы жарыста үшінші орын алды
«Астана» командасының «Коппа Сабатини» жарысына қатысатын құрамы белгілі болды