ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» жеңіп, үшінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» жеңіп, үшінші орынға көтерілді

Бүгін Қостанайда Қазақстан Премьер-Лигасының 9-турының шегерілген матчында жергілікті «Тобыл» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайлықтар Ислам Чесноковтың бірінші таймда пенальтиден соққан голының арқасында «Ордабасыны» минималды есеппен жеңді. Есеп: 1:0. 

Осылайша, маусымның аяқталуына үш тур қалғанда қостанайлықтар «Астанадан» үш ұпайға, ал көш бастап тұрған «Қайраттан» бес ұпайға қалып келеді. Шымкенттік ұжым болса жетінші орында қалды.

Айта кетейік, қос ұжым 4 қазанда Қазақстан кубогының финалында тағы кездеседі. Финал Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа стадионда өтеді деп жоспарланған.

«Тобыл» – «Ордабасы» матчына төрешілер тағайындалды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Арабия клубына ауысты

19 жастағы қазақстандық футболшы жол апатынан қайтыс болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или