Футболдан 2030 жылы өтетін әлем чемпионатына 64 команда қатысуы мүмкін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылғы әлем чемпионатын айтарлықтай кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
FIFA кеше өткен жиынында ӘЧ-2030 турниріне 64 команда қатыстыру бойынша талқылау жүргізді.
Мұндай ұсынысты Уругвай, Аргентина және Парагвай сынды CONMEBOL елдері жасаған еді.
Олар Әлем чемпионатының 100 жылдығын солай атап өтуді жөн көріп отыр. Бірақ UEFA бұл идеяны құптамай, қарсылық білдірген.
Айта кетейік, алдағы 2026 жылғы мундиаль АҚШ, Канада және Мексикада өтеді және алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Бұл да тарихтағы жаңа рекорд болып отыр.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Арабия клубына ауысты
19 жастағы қазақстандық футболшы жол апатынан қайтыс болды
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды