Сингапурдегі пара жүзуден ӘЧ: қазақстандық спортшы күміс жүлде иеленді

Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден Әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдаулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 м қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Спорт комитетіне сілтеме жасап.
Бірінші орынды бейтарап елінің спортшы Гук Тимофей 1:06.51 уақытымен алса, үшін орынды 1:06.99 секунд нәтижесімен украиндық Федина Алексей еншіледі.
Айта кетсек, Нұрдаулет Жұмағалидің бұл Әлем чемпионатындағы 3-үшінші күміс жүлдесі.Бұған дейін ол 2022 жылы Медейрада және 2023 жылы Манчестерде алған болатын.Сингапурдегі пара жүзуден Әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан 7 спортшы өнер көрсетуде.
Жарыс 21-27 қыркейк аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы бақ сынауда.Сингапурда өтіп жатқан бұл турнир Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындарының алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі жарысы болып саналады.Бүгінде елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі белсенді дамып, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Әр жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындаламын — әлем чемпионы Ұлболсын Елмұрат
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде сумо аңызы Хакухо Сёмен кездесу өтті