Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі турнир алдында америкалық теннисшімен кездесті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтетін China Open-2025 турниріне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейжіңдегі турнирді Елена екінші айналымнан бастайды, онда ол әлемнің 90-ракеткасы, америкалық Кэти Макнеллимен кездеседі.
Алғашқы матчы алдында Рыбакина кортта жаттығу өткізіп, әлемнің 15-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездесті.
Айта кетейік, 2024 жылы Бейжіңдегі турнирдің жеңімпазы америкалық Кори Гауфф болған. Былтыр Рыбакина жарақатына байланысты жарысқа қатыспаған еді.
Қазақстандық теннисші Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или