Қазақстандық спортшылар Венгияда өтетін турнирге қатысады
26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.
Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде сумо аңызы Хакухо Сёмен кездесу өтті
Қазақстан семсерлесуден өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында екі алтын медаль еншіледі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или