«Бенфика» бапкері: «Маған бұл жаңа футбол ұнамайды»

«Бенфика» бапкері: «Маған бұл жаңа футбол ұнамайды»

«Бенфиканың» бас бапкері Жозе Моуринью Португалия чемпионатының 6-турында «Риу Авемен» өткен (1:1) ойында ВАР төрешісі Педру Феррейраны қатты сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Нәтиже мүлде әділетсіз. Өйткені бір команда жеңіске ұмтылды, ал екіншісі тең түсуге ғана ойнады. «Риу Аве» қақпаға жалғыз соққысымен керемет гол соғып, есепті теңестірді.

Ойынның басты кейіпкері — дәл сол ВАР төрешісі болды. Ол бәріміз көрген жағдайды қайта қарауға шақырды. Ал негізгі төрешіде шешім қабылдайтын мінез жетіспеді, әдеттегідей. Маған бұл жаңа футбол ұнамайды. Онда ешқандай даралық жоқ», – деді Моуринью Record басылымына.

«Қайрат» бапкері «Реалға» қарсы матч қарсаңында маңызды пікір білдірді

«Қайрат» - «Реал» матчына билеттердің бағасы белгілі болды

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде көш басына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или