Овечкин жаттығуын жалғастырды

Атақты хоккейші Александр Овечкин мұз үстіндегі жаттығуларын қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы шабуылшы арнайы байланысқа тыйым салынған жейдемен жаттықты.
Бұған дейін ол командасының екі жаттығуын және «Бостонға» қарсы (2:5) жолдастық матчын жіберіп алған еді. «Кэпиталздың» бас бапкері Спенсер Карбери ресейлік ойыншының жағдайына алаңдауға себеп жоқ екенін айтты.
Жаңа маусым НХЛ-де 7 қазанда басталады. Бұл Овечкиннің кәсіби мансабындағы 21-маусымы болмақ әрі қазіргі келісімшарт бойынша «Кэпиталздағы» соңғысы.
Никита Бояркин айдынға оралу мерзімін атады
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец легионерлер туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасының форварды «Металлург» – «Барыс» матчының жұлдызы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или