Экс-ойыншы Андерсон алимент төлемегені үшін сотталды

Экс-ойыншы Андерсон алимент төлемегені үшін сотталды

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андерсон алимент төлемегені үшін Бразилияда бір айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының қарызы 187 мың доллардан асады. Егер бұл сома төленсе, екі жылға жарамды қамауға алу ордерінің күші тоқтатылады.

37 жастағы Андерсон манчестерлік клуб сапында Чемпиондар лигасын, клубтық әлем чемпионатын, төрт мәрте Англия чемпионатын және екі рет ел Суперкубогын жеңіп алған.

Ал Бразилия құрамасында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанып, Америка кубогын иеленген.

«Қайрат» бапкері «Реалға» қарсы матч қарсаңында маңызды пікір білдірді

«Қайрат» - «Реал» матчына билеттердің бағасы белгілі болды

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде көш басына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или