Қазақстандық теннисші Ясмин Дүйсембаева жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды

Филиппинде 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Азия чемпионаты аяқталды.
Бұл беделді жарыста Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғады.
Турнир қорытындысы бойынша Ясмин Дүйсембаева қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістік оған дәстүрлі түрде Australian Open турнирінің екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына қатысуға мүмкіндік берді.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или