Виктория Қайсаринова жол апатынан қайтыс болды

Виктория Қайсаринова жол апатынан қайтыс болды

«Жеңіс» әйелдер командасының футболшысы Виктория Қайсаринова жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына осы қайғылы жағдайға байланысты терең қайғырып, көңіл айтады.

Бүгін Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, - деп жазды елордалық клубтың баспасөз қызметі.


Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды

ҚПЛ-2025: Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или