Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына таласта Италияға жол берді

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына таласта Италияға жол берді

Астана қаласында футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін плей-офф кезеңінің екінші ойынында Қазақстан мен Италия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан: Игита, Эдсон, Есенаманов, Тұрсағұлов, Әбдуманапұлы - Өтепбергенов, Кнауб, Қайырбай, Дәрібай, Лео, Ақбалықов, Дуглас Жуниор, Оразов, Төреғазин;

Италия: Беллобуоно, Росетти, Венансио, Либерти, Алекс Мерлим — Дальчин, Пульвиренти, Музумечи, Де Оливейра, Мотта, Гайо, Фортини, Турмена, Барикелло.

Бір апта бұрын Италияда өткен матч 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған еді. 

Матч Қазақстан үшін сәтті басталды. Үшінші минутта Эдсонның пасынан кейін Дәурен Тұрсағұлов есеп ашты. Алайда, бес минуттан кейін Барикелло таразы басын теңестіріп кетті. 17-ші минутта Альберт Ақбалықов Қазақстан құрамасын тағы да есепте алға шығарды. 

Екінші таймның орта тұсында Италия есептті 2:2 қылды. Бірақ, ұлттық құрама жігіттері мойымады. Матчта екі нәтижелі пас беріп үлгерген Эдсонның бұрыштамасынан кейін Италия ойыншысы Мотта допты өз қақпасына бағыттап алды. Қазақстан құрамасы ойында үшінші рет есепте алға шықты. 

3:2 есебі экстра-таймда да өзгерген жоқ. Өкінішке қарай, пенальти сериясында италиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды. 

Қоса кетейік, құрлық біріншілігі 2026 жылы 21 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Латвия мен Литва елдерінде өтеді. 


Танымал футбол функционері жауапты кездесуге оптимистік көзқараспен қарайды

Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Италияға жол берді

Еуропа чемпионатына жолдама тағдыры: Қазақстан құрам жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или