Дмитрий Челяднич Молдава құрамасына шақырту алды

Шымкенттік «Ордабасы» командасының қақпашысы Дмитрий Челяднич алдағы Румыния және Эстонияға қарсы матчтарға Молдова құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы маусымда молдовалық қақпашы Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» сапында төрт матч өткізіп, алты гол жіберіп алды. 22 кездесуден кейін шымкенттік клуб 31 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде жетінші орында келеді.
Молдова құрамасы 9 қазанда Румыниямен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 14 қазанда Эстониямен кездеседі. Екі кездесу де сыртта өтеді.
ҚПЛ-2025: Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или