«Қайрат» жастарының «Реалға» қарсы ойыны жабық режимде өтеді

«Қайрат» жастарының «Реалға» қарсы ойыны жабық режимде өтеді

Алматылық «Қайрат» клубы мен «Реал» жастарының ойыны жабық режимде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 қыркүйекте Т.С.Сегізбаев атындағы Академия алаңында УЕФА Жасөспірімдер лигасының «Қайрат» U-19 және «Реал Мадрид» U-19 командалары арасындағы матчы өтеді.

Кездесу 12:00-де басталады. Клуб шешіміне сәйкес, ойын жабық режимде өтеді. Матчқа клуб қызметкерлері, Академияның бапкерлер құрамы және тәрбиеленушілердің ата-аналары ғана көрермен ретінде, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатыса алады.

Бұл шешім Академия стадионының сыйымдылығы бар-жоғы 250 орынмен шектелгеніне байланысты қабылданды.

Жанкүйерлер матчты тікелей эфирден ғана тамашалай алады.

«Қайрат» бапкері «Реалға» қарсы матч қарсаңында маңызды пікір білдірді

«Қайрат» - «Реал» матчына билеттердің бағасы белгілі болды

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде көш басына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или