Махмұд Сабырхан: Ендігі мақсатымыз – Олимпиада чемпионы атану

Англияда өткен бокстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Махмұд Сабырхан алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз бұл чемпиондықпен тоқтап қалмаймыз. Алда – Азия ойындары және Астанада өтетін әлем чемпионаты. Онда Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады. Ендігі мақсатымыз – Олимпиада чемпионы атану», – деді Сабырхан.
Сонымен қатар ол өзіне ыңғайлы салмақ санатына қайта оралғанын ерекше атап өтті:
«57 келіде маған қиын болды, қарсыластар ірі болды. Ал 55 келі – менің салмағым. Осы санатта бес жекпе-жекті қатарынан 5:0 есебімен ұттым. Олимпиада чемпионы болуды осы салмақта мақсат етемін!»
Ливерпульде өткен әлемдік біріншілікте ол барлық бес жекпе-жегін 5:0 есебімен аяқтап, екінші мәрте әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2023 жылы өткен әлемдік додада алтын жүлде иеленген болатын.
Ағайынды Сабырхандарға көлік пен пәтер кілті табысталды
Бокстан ұлттық құрама капитаны күтпеген мәлімдеме жасады
World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады