Танымал футбол функционері жауапты кездесуге оптимистік көзқараспен қарайды
Бүгін Астанада сағат 19:30-да футзалдан Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін Қазақстан мен Италия құрамалары арасында қарымта матч өтеді.
Қарағандылық «Тұлпар» футзал клубының президенті Анатолий Смотрицкий Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының қарсыласы туралы өз пікірімен бөлісті:
- 2003 жылы мен Неапольде өткен Еуропа чемпионатында болдым, онда итальяндықтар чемпион болды – бұл күшті және керемет команда болды. Мен әлі күнге дейін сол құраманы бағалаймын. Бірақ, әрине, қазіргі команда бұл деңгейгеде емес.
Бұрынғыдай ойын жоқ. Мен оларды техникалық тұрғыдан дайын деп ойладым. Мерлим ерекше жарқырамады. Мен ақылды және тактикалық сауатты ойынды көрмедім. Итальяндықтар күш пен физикағакөбірек сүйеніп, агрессивті ойнады. Бұл олардың стилі емес, мен олардан көп нәрсені күттім, сондықтан мен алдағы матчқа оптимистік көзқараспен қараймын, - деді маман.
Айта кетейік, Италияда өткен алғашқы матчта 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен еді.
Қазақстан – Италия матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Италияға жол берді
Еуропа чемпионатына жолдама тағдыры: Қазақстан құрам жариялады