Астана қаласы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды күтіп алды

Астана қаласы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды күтіп алды

Хорватия астанасы Загреб қаласында грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали (60 келі) елге оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионын елорда тұрғындары, ҚР туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ әскери қызметшілер әуежайдан салтанатты күтіп алды.

Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті бір минутта таза жеңген еді.

Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды

Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или