Бактиер Зайнутдинов РПЛ-дағы 100-матчын өткізді

Қазақстан құрамасының және мәскеулік «Динамо» клубының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Орынборға» қарсы матчта (3:1) Ресей чемпионатындағы 100-ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәскеудің «Динамосына» келгенге дейін Зайнутдинов 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Ростов» сапында және 2020 жылдан 2024 жылға дейін ЦСКА сапында өнер көрсетті.
Ресей премьер-лигасында қазақстандық футболшы тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді, 21 сары қағаз алды. Ол «Ростов» сапында 31, ЦСКА сапында 64, «Динамо» сапында бес кездесу өткізген.
Александр Меркель Дубайдың «Легентус» клубына ауысты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или