«Ақтөбе» мен БИІК футболдан әйелдер лигасында жеңіске жетті

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІІІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салды. Бас жүлдеге талас БИІК пен «Ақтөбе» арасында жүріп жатыр. Бұл турда екеуі де үш ұпай олжалады.
Нәтижесінде 65 ұпаймен «Ақтөбе» бірінші орында тұрса, БИІК 64 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Алдағы үш турда биылғы біріншіліктің жеңімпазы анықталады.
Ойын нәтижесі:
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Жетісу» (Талдықорған) 0:7
«Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда) 1:0
«Ұлытау» (Жезқазған) — «Жеңіс» (Астана) 2:1
«Астана» — «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:2
«Қызылжар» (Петропавл) — «Қайрат» (Алматы) 2:1
«Ақтөбе» — «Тобыл» (Қостанай) 11:0
«Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда) 1:0
БИІК (Шымкент) — «Атырау» 13:0.
Енді алдағы тур ойындары 29 қыркүйек күні өткізіледі.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде көш басына шықты