Елордада керлингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз сарайында керлингтен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарысқа Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Алматы облысы мен Астана, Алматы қ.алаларынан 200-ге жуық спортшы жиналды.
Жасөспірім қыздар арасында Шығыс Қазақстан, Астана, Маңғыстау облысы үздік үштіктен көрінді.
Ал жастар арасында: ұлдарда Қостанай, Жетісу облысы мен Алматы қалалары жүлделі орындарды өзара бөліссе, қыздарда Қостанай, Жетісу, Маңғыстау облыстары жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан чемпионаты 30-шы қыркүйекте аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или