«ПСЖ» клубының үш ойыншысы «Алтын доп» табыстау рәсімінде болады

Бүгін «Алтын доп» табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«ПСЖ» клубының үш ойыншысы бүгінгі салтанатты шарада бой көрсетеді деп күтілуде.
«Алтын доп» табыстау рәсіміне париждіктерден Осман Дембеле, Жоау Невеш және Дезире Дуэ қатысады.
Ал бас бапкер Луис Энрике бастаған басқа ойыншылар «Марсельге» қарсы матч үшін шарадан тыс қалады. Айта кетейік, бұл матч кеше, яғни 21 қыркүйек күні өтуі керек болған. Ауа-райына байланысты бүгінге шегерілді.
Бастапқыда «ПСЖ-дан» бүгінгі кешке 40 адам қатысады деп жоспарланған екен.
Бүгін Парижде 2025 жылғы «Алтын доптың» иегері белгілі болады. Марапаттау рәсімі 23:00-де басталады.
MLS: Месси сұрмергендер сайысында көш бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или