Айбек Оралбай күтпеген мәлімдеме жасады

Айбек Оралбай күтпеген мәлімдеме жасады

Бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Айбек Оралбай күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

– Әлем чемпионатына бұған дейін 2021 және 2023 жылдары барып құр қол қайттым. Париж Олимпиадасында да жолым болмады. Одан кейін аса ауыр салмаққа ауысуға бел будым. Ливерпульге барар алдында өзімнің ойымда егер тағы да жүлдеге ілікпесем, жастарға жолымды беремін деген ой болды. Бірақ еңбегімнің нәтижесін көріп, аса ауыр салмақта топ жардым, - деді Айбек Оралбай.

Айта кетейік, 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Аталмыш додада Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орын алған болатын.

Головкин Ливерпульде өткен әлем чемпионатын қорытындылады

Әлем чемпионатының толық медаль кестесі жарияланды

Айбек Оралбай әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или