«Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матчқа төрешілер тағайындалды

«Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матчқа төрешілер тағайындалды

ҚФФ төрешілер және инспекция департаменті алматылық «Қайрат» пен елордалық «Жеңіс» арасындағы Премьер-лиганың 8-турынан кейінге шегерілген ойынға төрешілер құрамын бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч бүгін Алматының Орталық стадионында өтеді және кешкі сағат 18:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Бас төреші қызметін Талдықорғандық Сергей Ноженко атқарады. Оған қапталдағы ассистенттер – Семейлік Станислав Лесив пен Данияр Серікболов көмектеседі. Бейнерефери (VAR) жүйесінің жұмысына Көкшетаулық Антон Кучма жауапты, оның көмекшісі болып Ақтөбеден Юрий Тихонюк тағайындалды.

Резерв төреші міндетін Атыраудан Руслан Сұлтанғалиев атқарады, ал матч инспекторы ретінде Өскемендік Руслан Дүзмамбетов жұмыс істейді.

Transfermarkt Шерхан Қалмұрзаның бағасын жаңартты

УЕФА «Қайраттың» қақпашысы туралы маңызды мәлімдеме жасады

Чемпиондар лигасы: 18 жастағы қазақ қақпашысы қандай баға алды?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или