Жәнібек Әлімханұлы – Карлос Адамес жекпе-жегі жақындады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы Карлос Адамес арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы доминикандық боксшы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) мәлімдеді:
«Біз ұзақ уақыт келісімге келе алмадық, бірақ жекпе-жек болады. Бұл шешілген дүние десе де болады. Әзірге нақты уақыт пен қайда өтетіні белгілі емес», – деді Адамес.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы да (17-0, 12 КО) әлеуметтік желіде мәселе шешіліп қалғанын хабарлаған еді.
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық боксшының әлемдік рейтингтегі орны өзгерді
Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или