ҚПЛ. «Қайрат» - «Жеңіс». Тікелей трансляциясы

Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турының ауыстырылған матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында астаналық «Жеңіспен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч бүгін Алматының Орталық стадионында өтеді және кешкі сағат 18:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Қазіргі чемпиондар турнир кестесінде көшбасшы «Астанадан» бір ұпайға қалып, екінші орында тұр. «Жеңісті» жеңсе Рафаэль Уразбахтиннің командасы бірінші орынға көтеріледі. Елордалықтар қазір 31 ұпаймен жетінші орында.
Бұл кездесу Дженнифер Лопестің Орталық стадионда өтетін концертіне байланысты кейінге шегерілген еді.
Transfermarkt Шерхан Қалмұрзаның бағасын жаңартты
УЕФА «Қайраттың» қақпашысы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Чемпиондар лигасы: 18 жастағы қазақ қақпашысы қандай баға алды?