«Алтын Доп»-2025: Тікелей трансляция

«Алтын допты» марапаттау рәсімі дүйсенбі, 22 қыркүйекте Париждегі «Театр дю Шателет» театрында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тікелей эфир Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.
Бастапқыда «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле биылғы марапатқа үміткер болып саналды, бірақ дауыс берудің ықтимал нәтижелері желіде таралып, «Барселонаның» вингері Рафинья жеңімпаз деп аталды. Дембеле екінші орында. Тізімде үшінші орында Барселонаның тағы бір вингері Ламин Ямаль тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Усман Дембеле өткен маусымда ПСЖ-мен бірге Чемпиондар лигасының финалында италиялық «Интерді» 5:0 есебімен жеңген болатын. Форвардтың өзі 2024/25 маусымында барлық жарыстарда 53 матч өткізіп, 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
MLS: Месси сұрмергендер сайысында көш бастады