«Барселона» өз алаңында «Хетафені» жеңді

«Барселона» өз алаңында «Хетафені» жеңді

Испания Ла Лигасының бесінші турындағы «Барселона» мен «Хетафе» кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Сан-Жоан Деспидегі Йохан Кройф стадионында ойнады. Бильбаолық Де Бургос Бенгоетсеа төрешілік етті. Блауграна 3:0 есебімен жеңісті тойлады.

15-минутта «Барселонаның» шабуылшысы Ферран Торрес жартылай қорғаушы Дани Ольмоның пасынан кейін есеп ашты. Торрес 34-минутта дубль авторы атанды. 62-минутта Рафиньяның орнына шыққан Маркус Рэшфордтан пас алған Ольмо қорытынды есепті тіркеді.

Барселона жалпы ұпайларын бес турдан 13-ке дейін ұлғайтты. Каталониялықтар турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Реал Мадридтен» екі ұпайға қалып, екінші орында тұр. «Хетафе» тоғыз ұпаймен жетінші орында.


MLS: Месси сұрмергендер сайысында көш бастады

«Интер Майами» кезекті рет Мессидің арқасында жеңіске жетті

Месси «Интер Майамимен» жаңа келісімшартқа отырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или