Саят Әбдуәли жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының жаңа чемпионы болды
Ташкентте өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 79 турнирі аясында кештің басты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы қазақстандық Саят «Аватар» Әбдуәли (8-0) мен өзбекстандық нокаутшы, «Қоқан арыстаны» лақап атымен танымал Амирхон Алихуджаев (12-5) кездесті.
Жекпе-жек бір раундқа созылып, «Аватар» қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.
Осылайша, жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының жаңа чемпионы, 22 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық Саят «Аватар» Әбдуәли (9-0) болды.
25 қазанда Астанада OCTAGON 80 мерейтойлық турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте Бауыржан Қуанышбаев Хамзат Чапановтан орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Қазақстандық файтер бірінші раундта жеңіліп қалды
«Тайсон» Ташкенттегі турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді