Бақдәулет Қорғанбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Өзбекстанда өтіп жатқан Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 79 турнирінде басты кардтың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Бақдәулет Қорғанбай (4-0-1) мен тәжікстандық Манучехыр Ширинбеков (3-1) кездесті.
Жекпе-жек бір раундқа созылып, Қорғанбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кештің басты кездесуінде жеңілмеген қазақстандық Саят «Аватар» Әбдуәли (8-0) жеңіл салмақтағы чемпиондық белдесуде «Қоқан арыстаны» лақап атымен танылған өзбекстандық Амирхон Алихужаевпен (12-5) кездеседі.
Негізгі жекпе-жекте тәжікстандық Фазлиддин Мадрахимов (14-6-1) өзбекстандық Мавлонбек Миркомиловпен (8-3-1) кездеседі.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
«Тайсон» Ташкенттегі турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті