Эвелин Бермудес алғашқы раундта-ақ үш белбеуді иеленді

Эвелин Бермудес алғашқы раундта-ақ үш белбеуді иеленді

Аргентина боксшысы Эвелин Бермудес Оттавада өткен жекпе-жекте айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш чемпиондық белбеу сарапқа салынған алғашқы жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, бірақ бәрі өте жылдам аяқталды. Канадалық Сара Бэйли екі рет нокдаунға түсті, ал екіншісінен кейін төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Бермудес IBF және WBO титулдарын қорғап қана қоймай, канадалыққа тиесілі WBA белбеуін де жеңіп алды. Бұл жеңіліс Сараның кәсіпқой рингтегі алғашқысы болды (бұған дейін 6 жеңісі бар).

Енді Бермудестің көрсеткіші – 22 жеңіс (8 нокаут), 1 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының әлемдік рейтингтегі орны өзгерді

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или