Әуесқой бокста өзгерістер: Головкин жаңа президент болуы мүмкін

Әуесқой бокста өзгерістер: Головкин жаңа президент болуы мүмкін

Әуесқой бокста үлкен өзгерістер күтіліп тұр. World Boxing президенті Борис ван дер Ворст екінші мерзімге сайланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт Шредингер» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Нидерландтық басшы ресми түрде шаршағанын айтқанымен, журналист Данкан Маккайдың (Zues Files) дерегінше, бұған одан да маңызды себептер бар. Ван дер Ворст ХОК-тың сенімінен айырылып, күмәнді маркетингтік келісім және 2028 жылғы Олимпиададағы бокс турнирін ұйымдастыру бойынша әлсіз кепілдіктерге байланысты сынға ұшыраған. Сондай-ақ World Boxing-ке мүше бірнеше ел де оның жұмысына көңілі толмаған.

Маккайдың ақпаратына сүйенсек, президенттікке басты үміткер – қазір ұйымның олимпиадалық комиссиясын басқарып отырған Геннадий Головкин. Егер ол сайлауда жеңсе, халықаралық федерацияны басқарған алғашқы қазақстандық болады. Ресми кандидаттар тізімін World Boxing регламентке сай кейінірек жариялайды.

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының әлемдік рейтингтегі орны өзгерді

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или