Хоккей сарапшысы: «Барыс» 20 секундта екі шайба жіберіп алды

Хоккей сарапшысы: «Барыс» 20 секундта екі шайба жіберіп алды

Ресейлік хоккей шолушысы Игорь Мирошников ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы «Северсталь» – «Барыс» матчы жайлы өз телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» Череповецте «Северстальға» қарсы ештеңе көрсете алмай, 2:3 есебімен жеңілді. Бұл ойында басты кейіпкер – Константин Пилипенко. Ол алдымен астаналықтардың қақпасына екі шайба соғып, кейін шешуші пас берді. Нәтижесінде бұрын «Барыста» ойнаған Никита Камалов жеңіс голын жазды», – деп жазды автор.

20 қыркүйекте өткен кездесуде «барстар» алғашқылардың бірі болып жіберіп алғанымен, кейін 2:1 есебімен алға шыққан еді. Алайда алаң иелері қайсарлық танытып, камбэк жасады. Соңғы шайбаны өткен маусымда «Астана» командасында ойнаған қорғаушы Никита Камалов соғып, «Северстальға» жеңіс сыйлады – 3:2.

Никита Бояркин айдынға оралу мерзімін атады

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец легионерлер туралы пікір білдірді

Қазақстан құрамасының форварды «Металлург» – «Барыс» матчының жұлдызы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или