Кипрас Кажуколовас: «Бар күшімді тезірек оралуға жұмсаймын»

«Астана» клубының қорғаушысы Кипрас Кажуколовас айқасша байламдарына жасалған операциядан кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 жастағы футболшы өзін жақсы сезінетінін және толықтай оңалтуға көңіл бөлгенін жеткізді. Ол команданың ойындарын жібермей қарап, биыл «Астана» чемпион атанады деп сенеді.
«Өзімді жақсы сезінемін, жақында ғана ота жасалды. Көңіл-күйім позитивті, енді реабилитацияға дайындаламын. «Астананың» барлық ойындарын қарап жүрмін, биыл чемпион боламыз деп үміттенемін. Қай уақытта алаңға қайта оралатынымды нақты айта алмаймын, бірақ тезірек командаға көмектесу үшін барымды саламын», – деді Кажуколовас.
Ағымдағы маусымда литвалық қорғаушы 22 матч өткізіп, «Астананың» қорғанысындағы негізгі ойыншылардың бірі болды. Жарақатына қарамастан, клуб оның қайта оралуына сеніп отыр.
Transfermarkt Шерхан Қалмұрзаның бағасын жаңартты
УЕФА «Қайраттың» қақпашысы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Чемпиондар лигасы: 18 жастағы қазақ қақпашысы қандай баға алды?