MLS: Месси сұрмергендер сайысында көш бастады

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Солтүстік Американың MLS футбол лигасының үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Месси осы маусымда 22 гол соқты.
Сұрмергендер сайысында екінші орынды 21 голмен Нэшвилл Предаторс командасының ағылшындық Сэм Сурридж иеленді. Үшінші орында 19 голмен Лос-Анджелестің габондық шабуылшысы Денис Буанга.
Месси «Интер Майамиге» 2023 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылды. Осы кезеңде шабуылшы барлық жарыстарда 76 матчқа қатысып, 64 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді.
«Интер Майами» кезекті рет Мессидің арқасында жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или