Қазақстан балуандары әйелдер арасында жүлдесіз қалды

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық қыздар сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл додада Қазақстан әйелдер құрамасынан тоғыз балуан сынға түсті: Светлана Анкичева (50 кг), Зейнеп Баянова (52 кг), Зульфия Яхьярова (55 кг), Лаура Алмағанбетова (57 кг), Виктория Хусаинова (59 кг), Тыныс Дүбек (62 кг), Бейбіт Сейдуәлі (68 кг), Жамиля Бақбергенова (72 кг) және Эльмира Сыздыкова (76 кг). Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.
Үлкен үміт артылған Жамиля Бақбергенова — төрт дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері. Бірақ ол да 2025 жылғы әлем біріншілігін 1/8 финалда аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или