Загребтегі әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қолаға таласады

Загребтегі әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қолаға таласады

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Ержет Жарлықасын (-63 кг) мен Ислам Евлоев (-87 кг) Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық спортшыларды ұтқан Айтжан Халмаханов (Өзбекстан) пен Александр Комаров (Сербия) финалға шықты.

Ертең Ержет Жарлықасын украиналық балуанмен күш сынасады. Бұл жұптың жеңімпазы кешкі белдесуде қола үшін молдовалық Виталий Ерёменкомен кездеседі. Ал Ислам Евлоев америкалық пен жапон балуанының мықтысымен бозкілемге шығып, жеңген жағдайда үшінші орын үшін Милад Алиризаевпен (UWW) айқасады.

Айта кетейік, жұбаныш белдесулері ертең Астана уақытымен 19:45-те басталады. Жарысты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі

Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или