Олимпиада-2020 қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың екінші кәсіпқой жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жапониялық Saikou Lush Boxing Promotions компаниясы 25-26 қазанда Қырғызстан астанасындағы «Бішкек Аренада» бокс кешін өткізеді. Бір кардта Бибосыновпен бірге Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов та шаршы алаңға шығады. Қарсыластары кейін жарияланатын болады.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 20 шілде күні Бішкекте кәсіпқой бокста дебют жасап, филиппиндік Кристиан Леганені (6-1-3, 4 КО) жеңген еді. Ол биылғы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатыспады. Бұл салмақта (50 кг) Санжар Тәшкенбай чемпион атанды.
Сонымен қатар Бибосынов әзірге әуесқой бокстағы мансабын аяқтамайтынын да жеткізді.