Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әбибаның қоржынында 5021 ұпай бар. Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова (4738), үшінші сатыда италиялық Ассунта Скутто (4727).
Әлемдік рейтингтің топ-15 қатарына тағы үш қазақстандық енді: Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) – 12-орын, Елдос Сметов (60 кг) – 15-орын, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) – 15-орын.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардан IJF рейтингінде тек Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг бірінші орынға көтерілген еді.
Алматыда дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын табысты аяқтады
Азия чемпионаты: Қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін өзбекпен кездеседі