Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады.

Отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып ресейлік Петр Гуменник аяқтады. Ол 93.80 ұпай иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или