Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 21 қарашада Калифорния штатындағы Лонг-Бичте өтеді деп жоспарланған. Ол UFC Fight Pass бағдарламасында Том Лоэффлердің (360 Promotions) алдағы шоуында жұдырықтасады. Қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Садриддиннің бұған дейінгі жекпе-жегі 19 сәуірде Калифорния штатының Коммерс қаласында өткен болатын. Бұл жекпе-жекте ол күтпеген жерден мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) тең түскен болатын.

Қазақстандық боксшының әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

Абсолют әлем чемпионының жаңа қарсыласы белгілі болды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или