Али Ахмедовтың рейтингтегі орыны жоғарылады

Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (24-2, 17 КО) жуырдағы жеңісінен кейін Boxrec.com рейтингіндегі орыны жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Супер орта салмақтағы рейтингте Ахмедов 67-орыннан 51-орынға көтерілді.
Айта кетейік, 5 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде Ахмедов танзаниялық боксшы Джозеф Майгвисяны (14-5, 10 КО) жеңіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл Ахмедовтың 2025 жылғы үшінші жекпе-жегі болды: қаңтарда Али америкалық Малкольм Джонсты (17-6-1, 10 КО) екінші раундта нокаутқа түсірсе, ақпанда өзі оныншы раундта польшалық Мацей Сулецкиден (33-4, 13 КО) нокаутпен жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или