ӘЧ-2025 үздік боксшысы кім? Сарапшы жауап берді
                  Ұлыбританиялық сарапшы Мэтт Робинсон Ливерпульде өткен 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының үздік 10 боксшысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингте бірінші орынды өзбекстандық Жавохир Умматалиев алды. Екінші орында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан орналасты. Үздік үштікті Өзбекстан құрамасының тағы бір өкілі Фазлиддин Эркинбоев иеленді.
Мэтт Робинсонның нұсқасы бойынша топ-10 боксшы:
Жавохир Умматалиев (80 кг, Өзбекстан);
-  
Махмұд Сабырхан (55 кг, Қазақстан);
 -  
Фазлиддин Эркинбоев (63,5 кг, Өзбекстан);
 -  
Турабек Хабибуллаев (71 кг, Өзбекстан);
 -  
Юри Фалькао (67 кг, Бразилия);
 -  
Абдумалик Халоков (60 кг, Өзбекстан);
 -  
Рафаэль Лосано (51 кг, Испания);
 -  
Суши Макино (50 кг, Жапония);
 -  
Севон Окадзава (67 кг, Жапония);
 -  
Хархүүгийн Билгүүнсайхан (54 кг, Моңғолия).
 
«Көптеген басқа спортшылар да әсер қалдырды: Оралбай, Стотт, Киван, Оливейра, Камара, Исроилов, Муйдинхужаев, Сесар, тіпті Крус. Бірақ дәл осы он боксшы есімде ерекше сақталды. Міндетті түрде үздіктердің үздігі емес (өйткені барлығы алтын иедаль алған жоқ), алайда олардың өнерін ұмытпаймын», — деп жазды ұлыбританиялық маман.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны жекпе-жегін бағалады
Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді
Қазақстандық бапкер IBA мен World Boxing әлем чемпионаттарын салыстырды