Қазақстан құрамасының қақпашысы айдынға оралу мерзімін атады

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» қақпашысы Никита Бояркин жарақатынан кейін айдына қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ арнасы сілтеме жасап.
— Жарақат болды, ота жасалды. Қалпына келу қалай жүріп жатыр және мұзға қашан шығасың?
— Қалпына келу жоспар бойынша бірқалыпты өтуде. Қақпашы болғандықтан мерзім сәл ұзарып жатыр...
— Қақпашы болғандықтан тізеге көп салмақ түсетіндіктен бе?
— Иә, дәл соны меңзедім. Жалпы бәрі жоспар бойынша: жаттығу жасаймын, процедуралардан өтемін, созылу жаттығуларын орындаймын. Бір ай — бір жарым айдың ішінде қатарға оралуды жоспарлап отырмын.
Айта кетейік, ақпанда хоккейші ауыр жарақат алған еді. Наурыз айында ол Германияда ота жасатқан болатын.
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец легионерлер туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасының форварды «Металлург» – «Барыс» матчының жұлдызы атанды