Грек-рим күресінен ӘЧ: Демеу Жадраев жарысты бесінші орынмен аяқтады

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.
Жадраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды
Екі қазақстандық палуан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или