Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық балуан Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің қола жүлдесі үшін сынға түседі, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында франциялық Ибрагим Ганеммен өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде франциялық балуан финалға өтті. Осылайша, Мерей Мәулетқанов 20 қыркүйекте қола жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) финалға өткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или