Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатында топ жарған боксшылар мен бапкерлерге ақшалай сыйақы берді

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатында топ жарған боксшылар мен бапкерлерге ақшалай сыйақы берді

Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алған еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы орайда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп спортшыларды құр қол қалмайтындығын айтқан еді.

«Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға - 100 мың доллар, ІІ орынға - 50 мың доллар, ІІІ орынға - 25 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған. Сондай-ақ, команданың жетістігіне үлес қосқан өзге мамандар да арнайы қосымша сыйлық табысталады», - деген еді Шахмұрат Мүтәліп «Ашық алаң» бағдарламасында.

Бүгін осы спортшылар федерация тарапынан ақшалай сертификаттарды алды. Ескере кететін жайт, World Boxing ұйымында жүлдегерлерге ешқандай ақшалай сыйақы қарастырылмаған. Салыстырмалы түрде IBA ұйымы 2021 жылдан бері жүлделі орын алған мен ширек финалға жеткен боксшыларға қомақты ақшалай сыйақы беретін еді.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны жекпе-жегін бағалады

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді

Қазақстандық бапкер IBA мен World Boxing әлем чемпионаттарын салыстырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или